
8.8 Температура
Әдепкі температураны өзгерту үшін
осы параметрді орнатыңыз.
индикаторы = суық су.
Бейнебетте орнатылған температура
көрсетіледі.
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Жуу циклының жуғыш затына
арналған бөлікке 2 литр су
құйыңыз.
Бұл су төгу жүйесін іске қосады.
2. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
3. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
10.1 Құрылғыны іске қосу
1. Ашаны розеткаға қосыңыз.
2. Су құятын шүмекті ашыңыз.
3. Құрылғыны іске қосу үшін ВКЛ/
ВЫКЛ түймешігін басыңыз.
Қысқа дыбыстық сигнал естіледі.
10.2 Кірді салу
1. Құрылғының есігін ашыңыз.
2. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға өте көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
4. Есікті нығыздап жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тығыздағыш пен есіктің
арасына ешбір кір
қыстырылып қалмағанын
тексеріңіз. Су ағуы немесе
кірге нұқсан келуі мүмкін.
10.3 Жуғыш зат пен
үстемелерді салу
Алдын ала жуу циклына, жібіту
бағдарламасына немесе дақ
кетіргішке арналған қорапша.
Жуу циклына арналған бөлік.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал).
Сұйық үстемелердің мөлшеріне
арналған ең жоғары деңгей.
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа
арналған бөлгіш.
www.aeg.com14
Comentários a estes Manuais